Жетісу облысында мектеп директоры мұғалімдерден 9 млн теңге көлемінде қарыз алған

Қаракөз Амантай 08 қаң. 2026 10:21

Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебінің директоры Айдар Биназаровқа қатысты даулы жағдай туындады. Мектептің тоғыз педагогы басшыға шағым түсіріп, оның өздерінен жалпы сомасы 9 млн теңге көлемінде қарыз алып, қайтармай жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мұғалімдердің айтуынша, директор қарызды өтемеуінің себебін "директормын, сондықтан қайтарудың мәні жоқ" деген сөздермен түсіндірген болуы мүмкін.Сондай-ақ педагогтар Биназаров бұл қаражатты букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсауы мүмкін деген болжам жасап отыр", - дейді Egov.press телеграм арнасы.

Аталған дерек бойынша жергілікті полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны хабарланды.

Қосымша мәліметтер тергеудің нәтижесіне байланысты жария етіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар