Жетісу облысында Бикен Римованың 50 жылдық мерейтойына орай Халықаралық театр фестивалі өтеді

Қаракөз Амантай 05 қыр. 2025 10:34

Жетісу облысының әкімдігінің қолдауымен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры 2025 жылдың 12  қыркүйек күні 50 жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған шара аясында Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көрнекті театр және кино актрисасы Римова Бикен Ырымқызы атындағы «BIKEN» III Халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарлануда.

Фестивальдің  мақсаты  – театр  ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту және халықаралық театр үдерісіне интеграциялау. Қазақтың көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Ырымқызын мәңгі есте қалдыру. Эстетикалық  деңгейді  арттыру  және кәсіби қарым-қатынас құру, серіктестік пен бірлескен шығармашылық жобалардың пайда болуына жағдай жасау. Фестиваль аясында жас режиссерлердің, актерлердің, драматургтердің, суретшілердің жаңа буынын анықтау және қолдау болып табылады.  

Фестиваль 2025 жылдың 12-17 қыркүйекаралығында өтеді. Үшінші мәрте ұйымдастырылғалы жатқан шараға жалпы саны 9 театр қатысады. Атап айтсақ Грузия, Қырғызстан Өзбекстан  және еліміздің түкпір-түкіпірінен келген театрлар.  

Сыншылар алқасы:  

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері, Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі, продюссер, режиссер – Жолжақсынов Досхан Қалиұлы.
 
2. Театртанушы, өнертану докторы, профессор, "Құрмет " орденің иегері – Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы.
 
3. Театртанушы, педагог, Татар мемлекеттік қуыршақ театрының көркемдік жетекшісінің кеңесшісі, ТР Мәдениет министрінің кеңесшісі, ТР Мәдениет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Д.Сиразиев атындағы және республикалық М.Джалила атындағы сыйлықтардың лауреаты – Нияз  Игламов Рауфович.
 
4. Театртанушы, өнертану докторы, Шота Руставели атындағы Тбилиси мемлекеттік театр және кино университетінің профессоры – Гиорги Цкитишвили.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар