Жетісу облысында әйелге жасалған шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша денсаулыққа зиян келтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген ресми хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін Суықсай ауылында мас ер адам амбулатория меңгерушісін күрекпен ұрып, әйел ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.
