Жетісу облысында 14 мың балаға «Мектепке жол» акциясы аясында қамқорлық көрсетіледі

Dalanews 03 там. 2022 06:27 887

Жаңа оқу жылының басы мектеп жасындағы балаларды мектепке даярлықтан бастау алатыны ақиқат. Жылда ата-аналар  балаларына қажетті киім-кешек пен құрал-жабдықтарды алып бастайды. Бағасы мың құбылған заманда базардан қалтаға салмақ салмайтын затты табу қиын. Әсіресе көп балалы және аз қамтылған отбасы үшін үйемелі-сүйемелі балалардың барлығына дерлік қажетті затын алып беру оңайға соқпасы анық.

Сондықтанда мемлекет жыл сайын балаларды оқумен қамту, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамыз – 30 қырқүйек аралығында өткізеді. Аталмыш науқан биыл да дәстүрден жаңылмай жалғасын табуда.

Бүгінде Жетісу облысындағы аудан, қалаларда көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалып, акцияны ұйымдастыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Айта кетерлігі Жетісу облысында 32663 – көп балалы, 12398 – аз қамтылған, 775 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.


Орта білім беруді дамыту, қорғаншылық және қамқоршылық, тәрбие жұмысы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Ахметованың айтуынша, «Балаларға жақсылық сыйла!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасына көмектеседі:  баланы мектепке жинайық!» қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, атаулы көмек көрсету үшін мектепке дайындық кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, бизнес-құрылымдары бекітілуде.

Биыл Жетісу облысы бойынша 14 000-нан аса бала 360 млн  теңгеге қыстық киім, мектеп формасы және мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар