Бұл жайында бүгін Астана қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Спикердің сөзіне сүйенсек, инфрақұрылымды дамыту бағытында Алакөл мен Балқаш жағалауына апаратын «Талдықорған – Өскемен» жолының 287-615 шақырымы, «Үшарал-Достық» жолы, «Лепсі - Балқаш жағалауы» жолының 27 шақырымы, «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай» 110 шақырымының құрылысы келесі жылдың соңында толық бітеді. Сонымен қатар келесі жылы Балқаш көлі жағасында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы басталады.
«Экологиялық туризмді дамыту үшін биыл «Алтынемел» ұлттық паркі аумағында құны 2 млрд. теңге тұратын визит-орталығы салынды. Шаңғы-биатлон кешенін тұрғызудың, Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеудің жобалық құжаттамасы әзірленуде. Шоқан Уәлиханов мұражайына баратын 6,8 шақырым жол орташа жөндеуден өтті, мұражайды қайта жаңғырту аяқталды. Сарқан ауданында Жасылкөлге дейінгі жолға орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 2024-2025 жылдары облыс аумағында туризмді серпінді дамытудың мүмкіндігі артады», – деді спикер.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі