БІЗГЕ ҮЛКЕН СЕРПІН БЕРДІ
Астана төріндеөткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылының ресми ашылу салтанатын І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары мен білімгерлері тікелей эфир арқылы тамашаладық. Алғашқы кезекте ел көлемінде танымал, білімді, іскер, өз кәсібін жүргізіп отырған жастардың жігерлі сөздерін естіп, олардың жас та болса атқарып жатқан үлкен істерімен танысып, қанаттана түстік.
Ал Елбасының сөзі бойымызға жігер беріп, патриоттық сезімімізді ұштады. Біздің Қазақстанның болашағын қалайтын азаматтар екендігімізді тағы бір мәрте терең сезінуімізге мүмкіндік ашты. Елбасы биылғы жылды – Жастар жылы деп жариялауы тегіннен-тегін емес. Бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік. Біз тәуелсіз елдің ұрпағы Елбасының салиқалы саясатын жүзеге асыру арқылы жастардың қолынан не келетінін дүниежүзіне танытуымыз керек. Олардың қолынан қандай іс келетінін сөзбен емес, іспен дәлелдеуіміз қажет. Осы орайда, биылғы Жастар жылында мен бірнеше жоба құрастырдым. Ол өз мамандығым бойынша және одан тыс бастамалар. Соның бірі – Алматы облысында жастардың арасында дебат клубын ұйымдастыру, екіншісі экотуризмді қалыптастыру.
Елбасы бүгінгі жастарға қарата айтқан сөзінде де еліміздің көрікті жерлерінің бәрін аралағанын, әсіресе Алматы облысында мақтан тұтарлық жеріміздің көп екендігін атап өтті. Бізде Шарын шатқалы, Алтын емел сынды өзгелерге мақтанышпен көрсететін табиғи байлығымыз жетерлік. Соны қолжетімді етіп туризмді дамыта білсек, еліміздің абыройы бұдан бетер арта түседі деп ойлаймын.
Сондай-ақ, Елбасы «Ақыл жастан, асыл тастан» дей келе жастарды сапалы білім алып, ғылымды дамытуға, өркениет көшінен қалмай уақыт талабына сай адымдауға шақырды. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында бөлінетін грант көлемін екі есе арттыруды тапсырды. Бұл бізге үлкен серпін берді.
Дидар Жұмахан, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті құқықжәне экономика факультетінің 2-курс студенті
ЕҢБЕК МЕРЕЙ ӨСІРЕДІ
Елорда төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу салтанатын теледидардан тамашалап, үлкен әсер алдым. Жастарды әрдайым қолдайтын Мемлекет басшысының сөзі, тікелей эфирде атаулы жылдың тұсауы кесілуі мені ерекше тебірентті.
Мыңдаған шақырымдағы алыс ауылда болсам да өзімді сол сәтте осы жиында отырғандай сезіндім. Еліміздің ең белсенді, ең табысты жастарының басқосуында шығып сөйлеген құрбы-құрдастарыма риза болдым. Сөздерінен олардың білімділігі, ойының жүйріктігі сезіліп тұрды. Ой-пікірлерімен бүкпесіз бөлісіп, батыл ұсыныстарын білдіруі өзім сияқты ауылдық жерде тұратын талай жасқа ой салады деп ойлаймын.
Мені атыраулық Тамиля Розметованың тірлігі қатты қызықтырды. Өйткені мен алыстағы ауылда мал шаруашылығымен айналысып, қой өсіремін. Оның асыл тұқымды ешкіөсіріп, одан алынған өнімді өндірістік жолға қоя білуі мені таңғалдырды әрі қызықтырды. Ата кәсіптің шынайы жанашыры ретінде таныстырылған ол ешкі сүтін өңдейтін кәсіпорынның жұмысын жүргізіп, сүттен 15 түрлі өнім өндіреді екен. Ұжымында негізінен өзі сияқты жастар еңбек етеді. «Жер мені өсірді, жермен көркейдім» деген сөзінен қасиетті қара жерге деген махаббаттың лебі еседі. Аянбай жұмыс істесек, жаннатты өз қолымызбен орнатамыз деп батыл ұсыныс айтқанына тәнті болдым.
Ата дәстүрді жалғастырушы бүркітшіқыз Айшолпан Нұрғалиқызының, еліміздің солтүстік өңіріндегі Ақсузауытының металл қорытушысы Александр Шутовтың сөздері де көңілімнен шықты.
Еламан ҚҰМАРБЕК, шопан, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақауылы.
ОЗЫҚ ӨРКЕНИЕТ ЖОЛЫНДА ЖАСТАРДЫҢ КӨТЕРЕР ЖҮГІ САЛМАҚТЫ
Сан салада өзінің талантымен танылған жалынды жастардың Елбасының қатысуымен өткен форумда көтерген мәселелері, ұсыныстары мен ақеділ ниеттері ерекше әсерге бөледі. Бүгінгі жаһандану дәуірі жастардың бойына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Сондықтан да әрбір Қазақстан азаматы өзінің жалынды шағында ел үшін игілікті іс тындырып, Отанның гүлденуі, өз кәсібінің жандануы жолында тынбай еңбектенуі тиіс. Бұл орайда форум барысында сөз алған әрбір жастың бойынан біз атап өткен дүниелерді көріп, олардың рухтыс өздерінен қуат алып, болашақ жолында аянбай еңбекетенуге белді бекем буғанын аңғардық.
Көңілді көкжиекпен астастырғандай күйге бөлеген жастардың қатарында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мерей Қарттың лебізі әдебиетке қолдау керектігін аңғартты. Ол қасиетті қаламның қуатымен тарих қатпарында жасырынып қалған ұлы оқиғаларды қайта тірілтіп жүрген барша жазарман қауымның атынан ниет білдіріп, әлемге қазақ жазушыларын таныту жолында жасқаламгерлердің академиясын ашу туралы өз ұсынысын білдірді. Сөз соңында рухжанитын жыр жолдарын паш етті. Әдебиетпен жаны егіз халықтың өкілі ретінде жалындаған жастардың қазақ тарихы мен өткенін тірілтуге зор үлес қосарын асенімдіміз. Сонымен қатар, сан салада толайым табысқа жеткен жастардың ертеңгі күні ел көшін өрге сүйрер бір-бірқайраткерге айналарына да шек келтірмедік.
Форум барысында көтерілген әрбір мәселе мен ұсыныстар ел игілігі үшін. Сондықтан да ғылым мен білім, экономика мен сан саланың дамып, еліміздің озық өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін жастардың атқаруға тиіс жұмыстары жетерлік. Бұл тұрғыда Елбасы: «Әркім өз мамандығы бойынша еңбекетіп, соның түбіне жетіп, елге жемісін көрсетуі керек. Әртүрлі бағытқа бір бара берудің қажетіжоқ. Өзің қалаған саланың саңлағы болуыңды ғана мығым мақсат етуге тырыс», – деген сарында айтқан парасатты пайымы ерекше әсер етті. Сондықтан да барша жалынды жандар үшін биылғы жыл берекелі, табысты болатынына сеніміміз кәміл!
Жандос БАУЫРЖАНҰЛЫ, Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры.