"Жетісу" футбол клубының басшысы Донсебаев қамауға алынды

Көркем Алдабергенова 03 мау. 2024 09:36 2753

"Жетісу" футбол клубының басшысы екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазинформ агенттігінің мәліметінше, "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Донсебаевты құқық қорғау органдары ұстады.

"Сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініші 2 ай мерзімге қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Донсебаев не үшін ұсталғаны әзірге белгісіз. 

Қалмұхамет Донсебаев «Жетісу» ФК директоры. Ол мемлекеттік сатып алу порталында "Жетысу" әуекомпаниясының басшысы ретінде көрсетілген.

Айта кетейік, 30 мамырда Антикор қазақстандық спорт саласында жүйелі сыбайлас жемқорлық әшкере болғаны туралы хабарлаған еді. Әңгіме миллиардтаған бюджет қаражаттары туралы болуы мүмкін. Соның ішінде отандық футболдағы жемқорлықтар да бар.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар