Қазақ халқының ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық екені даусыз. Кез келген қиындықты ел болып жеңе білген. Маңғыстау облысында биыл жауын-шашын аз түсуіне байланысты мал азығы шөптің жеткілікті мөлшерде шықпай қалуына байланысты қуаңшылық орын алды. Осыған орай еліміздің әр өңірі өз жәрдемін көрсетуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары «Біз біргеміз» акциясы аясында 74 тонна пресс шөпті маңғыстаулықтарға жөнелтті.
Сондай-ақ, жетісайлықтар тағы да қосымша 60 тонна мал азығын жөнелтпек. Айта кетерлігі, былтыр ғана топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Өргебас ауылының шаруалары да бір вагон жем-шөп тиеп қиындық көріп жатқан шаруаларға жіберді.