Кездесуде еліміздің намысын әлемдік аренада қорғап жүрген балуан жастарға салауатты өмір салтын ұстану, спортқа бет бұру туралы әңгіме өрбітті. Әлемдік бәсекеде бағы жанып жүрген жерлесіміз осы спорт түріне қалай келді, қандай қиындықтардан өтті, жастар тәрбиесі, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айта отырып жастарды өз елінің патриоты болуға үндеді. Еркін форматтағы жүздесуге 100-ден астам студент қатысты.
Айта кетейік, Ерғали Сәрсенбеков 1993 жылы 4 сәуірде Түркістан облысы Жетісай ауданы Көрікті ауылында дүниеге келген. Ол джиу-джитсумен 2010 жылдан бері айналысып келеді. Ерғали 2015 жылы Қырғызстан жастар арасындағы турнирде топ жарып, король партері медалінің иегері атанды. Биыл Азия чемпионатында 71 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізсе, 70 келі салмақта Әлем біріншілігінің қола жүлдесін иемденген.
Жиын соңында жастар өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып, естелікке суретке түсті.