Жетісайда білім бөлімінің бухгалтерлері 3 млрд теңгеге жуық қаржы "жеп қойған"

Сағыныш Сардарова 06 мау. 2024 10:51 2949

Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 миллиард теңге бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады.

Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлері 2,8 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.

Осы дерек бойынша құжаттар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен тіркелді (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету), Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 миллион теңге қайтарылды.

Тексерулер жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар