Жетісайда арық-атыздар мемлекет қарамағына алынды

Dalanews 20 жел. 2018 08:27 776

Биыл Жетісай ауданында жеке меншіктегі 68 дана (188,6 шақырым) құрайтын каналдар мен 43 дана (148 шақырым) су қашыртқылары ауданның коммуналдық меншігіне қабылданды.

2018 жылдың аяғына дейін ауданның коммуналдық меншігіндегі су нысандарын толығымен құжаттандырып, 2019 жылдың 1-тоқсанында  республикалық меншікке өткізу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

Ауданымызда 529,9 гектар игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері анықталды. Оның бәрі дерлік суармалы егістік саналады. Қазіргі таңда аталған егістік жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, биыл ауданда 3 гектар жерге жылыжай салынып, оның жалпы көлемі 21,2 гектарға жетті. Келесі жылы олардың көлемін 25 гектарға  жеткізілетін болады.

Ауданда биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 60 бас ірі қара мал алынды.  Сол сияқты «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 600 бас ұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 30 бас жылқы алынды.

Биылғы жылы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал 2845 басқа (оның ішінде: сиыр 3153 басқа), қой-ешкі 4459 басқа, жылқы 861 басқа, шошқа 8 басқа, құстар 734 басқа артып отыр.

Мал шаруашылығынң өнімдері былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда біршама өскен. ет 0,1 мың тоннаға, сүт 0,4 мың тоннаға, жұмыртқа 0,4 млн данаға артқан.

Бүгінгі күнге ауданда 1507 ірі қара малы бар 137 шағын мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұрса, келесі жылы оның санын тағы 158-ге арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биылғы жылғы 23 сүт қабылдау бекеттерін 2019 жылы 25 - ке арттыру жоспарлануда.

Осы жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні Түркістан қаласында өткізілген облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі «Агрофест-2018»  мерекелік іс-шарасында жыл қортындысымен Жетісай ауданы  мақта өндіру бойынша I – орын, бақша  өнімдерін экспорттаудан I – орынды  иеленді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар