Жетісай ауданында 49114 адам спортпен айналысады

Жетісай ауданында 49114 адам спортпен айналысады
2018 жылы Жетісай ауданында дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 49114 адамға жетіп, аудан халқының 29  пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 11 айында 74 спорттық іс-шаралар өткізіліп, іс-шараға 19 мыңнан адам қатысқан.

2018 жылы демеушілер есебінен Жетісай қаласынан –1, Ералиев а/о – 2, Қызылқұм а/о – 1 және жергілікті бюджет есебінен Жетісай қаласынан – 2 спорттық алаңшалары салынды. Жалпы ауданда 383 спорттық нысан  тіркелген. Спорт мекемелерінде спорттың бірнеше түрімен шұғылданатын жасөпірімдер саны 1722-ге  жетіп отыр.

2019 жылы Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында Жетісай қаласынан бассейн, Қазыбек би а/о стадион, Ділдәбеков а/о спорт алаңшасын салу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсынылды.  Бұдан бөлек, Жылы су а/о  демеушілер есебінен спорт зал салу үшін жұмыстар  жүргізілуде. Сонымен қатар, Жетісай қаласынан орталық спорт кешенін салу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалып,  республикалық бюджеттен қаржы қарастырылуда.