Жерде күшті магниттік дауыл басталды

Ақтоты Жапатова 21 нау. 2026 12:09

21 наурызға қараған түні Жерде күшті магниттік дауыл басталды. Бұл құбылыс күннен шыққан плазмалық бұлттың Жерге жетуінен туындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дауыл жоғары деңгейдегі полярлық жарықтардың пайда болуымен көрінеді.

Ғалымдардың мәліметінше, плазмалық бұлт Жерге жеткеннен кейін шамамен 20 сағаттан соң дауыл басталды.

Магниттік дауылдар Күн желі мен Жердің магнит өрісінің өзара әрекеттесуінен туындайды. Мұндай құбылыстар спутниктер мен байланыс жүйелерінің жұмысына әсер етуі мүмкін, сондай-ақ сезімтал адамдардың жағдайына да әсер етеді.

Магниттік дауыл адамдарға қалай әсер етеді?

Магниттік дауылдардың себебінен бас ауруы, шаршау, көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқы бұзылуы мүмкін.

Мамандар бұл күндері ауа райына сезімтал адамдарға демалып, күйзелісті азайтуға және көп су ішуге кеңес береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove