Жемқор қалай жазаланды?

Dalanews 24 ақп. 2016 02:27 829

Қытайда Қылмыстық кодекстің 13-ші бабы бойынша айыпты деп танылған миллиардер Лю Хань жазаланды. Жазаланды дегеніміз жеңіл, нақтырақ айтсақ өлім жазасына кесілді (суретте).

Білсек, Хань нағыз жемқордың өзі екен. Қыруар қаржыны қалтасына басыпты. «Ақша әлемді билейді» деп ойлайтын атақты миллиардерді өлім жазасына кескен Қытай билігі осылайша заң алдында барлық адамның бірдей екенін көрсетті.3-37

South China Morning Post басылымының хабарлауынша Лю Ханьға қатысты үкім былтырғы жылдың мамырында шығып қойған. Демек, ол осы күнге дейін «тірі өлік» саналып келген немесе бұйрық шыққан күннен бастап оның күшіне енетін кезіне дейін өзінің өлім сәтін күтіп келген...

Тергеушілері нені анықтады дейсіз ғой? Қытайдың ең қалталы адамдарының бірі «ОПГ-ымен» айналысқан, яғни, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Бұл топ Ханьның өзі сияқты ақшалы адамдарды тонаумен, заңсыз казино бизнесімен және қару-жарақ сатумен айналысқан.

1-46Лю Ханьның иелігіндегі 1997 жылы құрылған Hanlong Group компаниясы темір рудасын тасымалдайтын әлемдегі ең ірі кәсіпорын екен.

Миллиардер тек өлім жазасымен ғана құтылмаған. Оның әлгі компаниясына Қытай үкіметі банк несиесін алу үшін теріс ақпарат көрсеткені үшін 300 млн юань айып салған.

Айтпақшы, Лю Ханьмен бірге оның тағы төрт сыбайласы өлім жазасына кесілді.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша Лю Хань елдегі мемлекеттік қауіпсіздіктің экс-жетекшісі Чжоу Юнканьмен байланыста болған. Содан да болар талай тұзақтан аман қалған... Бірақ, ақыры ұсталып тынды.

Оның сыбайласы Юнканьда жазадан құтылмайды. Қытай билігі оны да жемқор деп тауыпты. Тергеу мәліметіне қарағанда, мемлекеттік қауіпсіздіктің экс-жетекшісі пара алған және биліктегі биік орындарға өзінің таныстары мен туысқандарын отырғызған.

4-37Байқайсыздар ма, жемқорлар барлық жерде бірдей. Мінезі, сипаты, әрекеті.

Қытайдың бізден бір ерекшілігі – жемқорлар лайықты жазасын алды. Бізде қалай немесе Лю Хань сияқты тайраңдап жүргендер қаншама?..

Dalanews


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар