Жеміс-жидекке дихлофос шашып жүрген ер адамның желідегі видеосы жұрттың ашуын туғызды

Кәмшат Тілеухан 09 мау. 2025 10:25

Қазір жеміс-жидек науқаны басталып кеткені белгілі. Әсіресе, жәшік-жәшік құлпынай мен таңқурай сатқандардың саудасы қызып тұр. Осындай кезеңде әлеуметтік желіде көптің көңілін бұзған видео жарияланды. "Жарнама болсын" деген видео авторы оны кейін өшіріп те тастапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде жәшік-жәшік құлпынай мен таңқурай үстіне дихлофос сепкен ер адамның видеосы жаппай тарауда. Бұл видео көптің ашуын туғызды. Видеодан бұл жайттың жеміс-жидек толы қойма немесе оларды сақтауға арналған орында болғанын байқауға болады. Видео астына пікір қалдырғандар мұны адамдарды улаумен бірдей нәрсе екенін айтуда.

Көп ұзамай аталған видео өшірілді. Алайда оның суреті немесе үзіндісі бәрібір желіде тарауда. Ал оның парақшасында бұған дейін жеміс-жидектердің жарнамасы жарияланып келген екен. Соған қарағанда бұл видео да бастапқыда жарнама, яғни "шыбын-шіркей жемістерімізге жоламайды, біз үнемі зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отырамыз" дегенді білдірмек мақсатта салынған секілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар