Freedom Inside '26

Еркебұлан Тоқтар ресейлік қарсыласын 40 секундта сұлатып түсірді (ВИДЕО)

Еркебұлан Тоқтар ресейлік қарсыласын 40 секундта сұлатып түсірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен аралас жекпе-жектен IBA Nomad 15 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы ресейлік Артём Тарасов болды. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған еді. Алайда қазақстандық спортшы бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Еркебұлан Тоқтардың кәсіби ММА-дағы соңғы ресми жекпе-жегі өткен жылдың тамыз айында өткен. Ол кезде қазақстандық файтер ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.