Таиландтың солтүстік-шығысындағы Мукдахан провинциясында адам өліміне әкелген ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 11 жастағы бала ата-анасының көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Алайда көп ұзамай көлікті басқара алмай, діни сапармен жаяу келе жатқан будда монахтарының тобына соқтығысқан.
Қайғылы оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында жағдайы ауыр науқастар да бар.
Бұл оқиға Таиланд қоғамында үлкен резонанс тудырды. Қазір апаттың нақты мән-жайы анықталып жатыр.