Мына суретте екі жағынан екі жендет дедеңдетіп әкетіп бара жатқан мына қазақтың қызының аты – Анар Рақымжановаекен. Фейсбуктен таптық. Халықтың оған деген ықыласы да ерекше.
Бұл ретте әлеуметтік желі қолданушысы Раушан Қалмомынұлының осы суретке қатысты мына бір жазбасы жылы дүние екен.
«Осы бейне менің қалтамда жүрді, әскерде (суретті айтады). Сарғайған газет қиындысы. Кім бергені есімде жоқ, ол кезде Кеңес дәуірі болса да біз қазақ екенімізбен басқалардан ерекшеленіп тұратынбыз. Кеңестік жүйеге бой бермей өзіміздің мықтылығымызды дәлелдеп жүрдік. «Талай қиын сәттерде мына қыздан қай жерің кем, Раушан?» деп өзімді өзім қайрап, жігерленіп алатынмын. Жендеттердің ұстап алып бара жатқанның өзінде қандай паңдықпен өр мінезділігін көрсетіп бара жатыр. Қазақтың қыздарының өзі кеудесін басқызбаған. Рухтарың шат болсын!»
деп жазыпты Раушан Қалмомынұлы.
Анар Рақымжанова