ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жұмабай Шаштайұлы - ҚР Президентінің стипендиаты, Халықарарық Жамбыл және "Алаш" сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған.
Президент қарымды қаламгер, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
Жұмабай Шаштайұлы "Коммунизм жолы", "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Жас Алаш" газеттерінде, "Жалын" журналында еңбек етті. Халықаралық "Заман-Қазақстан" газетінің және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, сондай-ақ, Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды."Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.
Жазушының "Қызын қар", "Жала мен нала", "Жыр жолбарыс", "Біздің заманның Аяз биі", "Жаңғырық" атты жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі де өз заманының қарымды қаламгері Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.