Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы

Dalanews 28 қыр. 2018 14:29 1155

Мақтаарал ауданында «Біз экстремизмге және терроризмге қарсымыз!» атты жастар арасында флешмоб өтті.

Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның тапсырысы бойынша іс-шараны «Алтын орда» қоғамдық қоры және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты – қоғамдағы өзге ағымдар мен түрлі жаман әдеттерден жастарды сақтандыру. Атап айтқанда, нашақорлық, түрлі өзге ағымдар, ғаламторда уақытта босқа кетіру, зинақорлық, құмар ойындары, экстремизм мен терроризм сияқты қазақтың дәстүр-ғұрпына жат теріс қылықтардан жастардың бойын арылту.

26-қыркүйек күні ең алғаш болып Шымкент қаласынан бастау алған флешмоб эстафета ретінде Түркістан облысының барлық аудандары мен қалаларында жалғасып келеді. 15 адамнан тұратын үгіт-насихат тобы Сарыағаш ауданының эстафетасын Мақтаарал ауданында жалғады. Бүгін Мырзакент кентінде 500-ден аса мақтааралдық жастар флешмоб өткізіп, өзге ағымдар мен жат әдеттерге қарсы тұру үшін ұрандады. Сондай-ақ, аудан жастары кенттегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Ақ пен қара» атты қойылымды тамашалады.

Айта кетейік, мақталы ауданның жастары «Біз экстремизмге және терроризмге қарсымыз!» атты жастар арасындағы флешмобтың эстафетасын шағалалы Шардара ауданына жолдады.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар