Жастар Абай мен Қабанбайды әкім, министр деп жүр - депутат

Сағыныш Сардарова 28 нау. 2024 15:21 2095

Сенатор Сәкен Арубаев Сенат отырысында ұлыттық құндылықтар мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сенат депутатының пікірінше, қазір қазақстандықтар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен одан әрі дамуына елеулі үлес қосқан батырлар мен тұлғалардың өмір тарихынан бейхабар болып шыққан.

"Ата-бабадан қалған, мұра мен мирас болған ұлттық құндылықтарымыз қашан да біліммен, намыспен, таныммен, тәрбиемен ұрпаққа дарыған. Өкінішке қарай, қоғамдық санаға тірек болар осындай қастерлі қасиеттер батыстың ба, жоқ әлде басқаның ба жетегіне еріп, ұлттық болмысты әлсірету ашық көрініске ие болып бара жатқандай.

Керек десеңіз қазақтың қара домбырасын харам деген ғайбат сөзді де естідік. Өкініштісі, бүгінгі ұрпақ ұлттық тарихымыздың діңгегіне айналған, батырлар мен арыстарының есімдерін мақтанышпен айтудан, өмір жолдарын білуден тыс қалғандай. Жастар "Абай кім?", "Қабанбай кім?", "Ақан кім?", "Қаныш кім?" деген сауалдарға "әкім, министр, атақты спортшы" деген өзек өртер жауаптар берді", - деді сенатор.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x