Жас зерттеушілер халықтың генетикалық кодын зерттеді

Dalanews 19 қаз. 2023 09:30 1158

Алматы қаласындағы химиялық-биологиялық бағытындағы NIS оқушылары республикалық "Дарын"ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде 30-дан астам жобаны ұсынды. Барлық қатысушылар 2023 жылғы дәстүрлі мектепшіл ғылыми идеялар фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.



Стартаптар, сайттар, мобильді қосымшалар, үстел ойындары - жас инженерлердің ойлап тапқан жобаларының айтулы бөлігі ғана. Сонымен қатар зияткерлер математика, биология, тілдер, тарих, физика саласында ғылыми зерттеулер жүргізуде .
Он екінші сынып оқушысы Темірлан Кумаров домбырада үйренуге арналған сандық платформаны әзірледі. Енді смартфон арқылы фортепианода, гитарада ғана емес, қазақ халқының киелі аспабында да білім алуға мүмкіндік туады. Даниал Сұлтанов көз ауруларын тануға арналған жаңа ML жүйесін ұсынса, 10-сынып оқушылары Ясмина Исраилова мен Дәулет Калел қазылар алқасына информатика, математика, биология қиылысында әзірленген STEM жобасын ұсынды. Автоматтандырылған иппотерапия құрылғысы атқа мінуді имитациялап тірек-қимыл аппараты аурулары бар түрлі жастағы адамдардың оңалтуына үлкен септігін тигізеді.


Оңтүстік астананың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарынан құралған беделді қазылар алқасы оқушылардың әзірлемелерге талдамалық көзқарасын, қатысушылардың зерттеу дағдыларын атап өтті.
Ғылыми жобалар байқауы жас өнертапқыштар үшін өздерінің инженерлік идеяларын нақты прототиптерге айналдырудың бастапқы алаңы болып табылады.
– NIS оқушыларының өз әзірлемелерінде халықтың рухани құндылықтарына, дәстүрлеріне жүгінетіні қуантады. "Көкпар" ұлттық ойынын цифрландыру бойынша оқушылар қызықты жобаны ұсынды, онда ойындарды бір уақытта мыңдаған көрермен тамашалай алады. Сондай - ақ, оқушылар "7" санының қасиетті мәнін және институттың халық тарихындағы рөлін зерттеп, генетикалық кодқа талдау жасаған "Жеті ата институттың биологиялық дәлелдемесіі" атты жақсы жоба болды, – деп атап өтті А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қазылар алқасының мүшесі Талғат Рамазанов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар