Жарандар! Жағамды емес, кеңірдегімді ұстадым!

Dalanews 27 қыр. 2016 06:52 827


"Әйел бақыты" деген бағдарлама бар. Ләйлә Сұлтанқызы жүргізеді. Бұл жолы осы бағдарлама қонағы ретінде Аруна есімді...қызтекені шақырыпты. Осы бағдарламаға қонақ ретінде шақырылған журналист Ұларбек Нұрғалымұлы "көрген жайдан жағамды емес, кеңірдегімді ұстадым" дейді. 




"Телеарнадан хабарласып, Ләйлә Сұлтанқызының "Әйел бақыты" бағдарламасына шақырды.  "Тақырып қыз мінезді жігіттер" жайында деген соң, "жарайды", - дегем.


Өзімше, бала бақшадан университетке дейін әйел адамдардың қолына тапсырып берген балаларымыз жайлы, бұрын ата-әжелеріміз ұлдарды ұлша, қыздарды қызша қалай тәрбиелегені туралы айтамын ғой деп жайбарақат барсам, алдымнан анау шықты ғой!



Және қалай өршеленгенін көрген шығарсыздар. Қандай күй кешкенімді сұрамай-ақ қойыңыз...




Бабаларымыз осынша ұлы байтақты гейлер таптасын деп қалдырмаған шығар?! Есі дұрыс қазақ өз ұл-қыздарын осылармен бірге жүрсін деп өсірмейтін болар?! Ендеше!.." деп жазыпты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында журналист. 



Айта кетсек, бағдарлама аясында Аруна есімді көгілдір өзін "қызтеке" деп кемсітетіндерді ұнатпайтынын айтып, көзіне жас алды.




Айтуынша, Қазақстандағы еркектердің 90 пайызы осындай екен. Өзіндей. Тек 10 пайызы ғана әйелдерді жақсы көреді. "Мен сияқтылар көп. Ал не істейсіңдер?" деді көгілдір жігіт бағдарлама барысында.


Бұл не деп отыр, құдай-ау? 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар