Экс-министр Азамат Есқараев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін ол Қазақстанның Үндістандағы және қоса атқарған тағы төрт елдегі елшілік қызметін атқарған болатын. Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі болып 2025 жылғы 7 сәуірде тағайындалған еді.
Сонымен қатар, Азамат Есқараев 2023–2025 жылдары Қазақстанның әділет министрі болған еді.