Ақтөбе облысында үш күнде жүзден аса киік қырылып қалған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақтөбе облысында Қайрақты өзенінен өту кезінде киіктер қырылып қалған. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының дерегінше, жалпы 108 бас қырылған. Оның ішінде 65-і – аталық, 43-і – аналық.
Инспекция басшысы Әділкерей Әуелбаевтың айтуынша, көші-қон кезеңінде өзенге шамамен 10 мың киік келген. Алдын ала болжам бойынша өзеннен өту кезінде жануарлар бір-бірін таптап кеткен.
"Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Қырылған жануарлар мен өзен суынан сынамалар алынды", – деді Әділкерей Әуелбаев.
Ресми мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облысында 300 мыңнан аса киік мекендейді.