Жансейіт Түймебаев: «Билікке сенім – мемлекеттік қызметшіге қарап қалыптасады»

Dalanews 26 мау. 2017 02:22 1013

Оңтүстік Қазақстанда «23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен кеште облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі.

– Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі, алға жылжып дамуы мүмкін емес. Қазіргі қоғамның талаптарына сай билікке деген сенім де мемлекеттік қызметшіге қарап қалыптасады. Облысмыздың қарқынды дамуы Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен ерік-жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!, – деді Ж.Түймебаев.



Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындаған, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер әкімнің қолынан «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы және Алғыс хатын алса, көптеген азаматтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен, жалпы саны 30 азамат марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілерге Түркияда іс-тәжірибе алмасу үшін арнайы сертификаттар табысталды.



Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, кәсіби мереке иелеріне құрмет көрсетілді.

Жалпы, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделінің тиімділігі ұшан-теңіз. Елбасының тапсырмасына сәйкес, мапсаптық модель енгізілгеннен кейін командалық ауысу жойылып біртіндеп келеді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда өткен жылы ауысу тәртібімен тағайындау көрсеткіші 58 есеге азайғаны соның дәлелі.

Жаңа заңның басты ұстанымы мемлекеттік қызметшіні адалдыққа, әділеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелейді. Осы орайда, мансаптық модель бойынша өткен жылы облыста 402 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалды. Бұл көрсеткіш 12 пайызға артып отыр.



 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар