Жанна Немцова: "Диктатураға жаным қас"

Dalanews 05 жел. 2019 04:00 978

Суретте Кремльдің тап алдында атып кеткен, орыс оппозиционері Борис Немцовтың қызы – Жанна. Журналист. Күні кеше ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан сұхбат алды.

Осыдан 4 жыл бұрын «Қала мен Далаға» Жаннамен сауалдасудың сәті түскен. Ол кезде Немцова Ресейдің «РБК» арнасында жұмыс істейтін.

Жанна әкесінің өліміне неліктен Путиннің саяси жауапты екенін айтып, сол тұстағы Ресейдің саяси һәм экономикалық жағдайына баға берген еді. Сұхбаттың қайта жариялаудың орайы келген секілді.

– Журналистермен тілдескенде сіз Борис Немцовтың өліміне Ресей билігі және бірінші кезекте президент Путин саяси жауапты екенін айтыпсыз. Мұнымен не дегіңіз келді? 

– Ресейлік оппозициясының көрнекті өкілі, Путиннің сыншысы атанған адамды атып кетті. Бұл біріншіден. Екіншіден, тергеу амалдары ауыр жүріп жатыр. Өз басым бұл тергеудің әділ жүргізетініне күмәнім көп. Оның әділ жүруі үшін саяси ерік-жігер керек, бұл жоқ. 

Путинді саяси жауапты деуіме тағы бір себеп: әкемді өлтіргеннен кейін (Борис Немцов, авт.) мемлекеттік арнаның бірінен оған тіл тигізетін бағдарлама көрсетілді. Неге? Себебі, оның атын ұлықтаған – Еске алу маршына 50 мың адам жиналды, кейбіреулер, жиналғандардың саны 100 мыңға жетті дейді.  
Оны атып кеткен жерге естелік тақтасын қоюға, еске алу концертін өткізуге рұқсат берген жоқ. Амалсыз, «Дождь» телеарнасында еске алу шарасын ұйымдастырдық. Бұл арнаға айтар алғысым зор...

83a828– Қалай ойлайсыз, егер жауап алар болса Рамзан Қадыров бұл істің анық-қанығын айтып берер ме еді?..

Одан жауап алу туралы тиісті өтініш жаздық, бірақ оны қабылдамай тастады. Меніңше, одан жауап алған дұрыс еді. Қадыров та бұған келіскендей ниет танытқан.

– Кейбіреулер Кремльдің Қадыровқа көңілі толмай жүргенін айтады. Бірақ, Шешенстан президентіне тиіп кетсе, мұнда тағы соғыс басталуы мүмкін ғой?

– Бәлкім... Биліктің өз ішіндегі байланыстарға, қарым-қатынастарға баға бере алмаймын. Биліктегі элитаның пікірі тоқайласа бермейді, бірақ бұл президенттің билігіне қауіп төніп тұр деген сөз емес. Десе де, сіз айтқан ой негізсіз емес. Қадыров мырза фильмге түсті. Фильмді көрмегендер, мәселенің мән-жайын киноны көргеннен кейін түсіне жатар...(25 мамырда Қадыров «Кто не понял, тот поймет» атты атыс-шабыс фильмге түскенін айтты. Ол басты рөлді сомдайды).
Мен бұрыннан бері диктатураға қарсымын. Бәлкім, қаныма сіңген ұстаным шығар. Маған бостандығы жоқ ел ұнамайды, мұндай елде еркін өмір сүре алмаймын. Мұндай елде адам ретінде өсіп-дамудың мүмкіндігі жоқ. Бостандығы жоқ елде бір ғана «мүмкіндік» бар. Ол – интеллектуалдық деградацияға ұшырау.

318109_10150611405067218_194914229_n– Сіздің әкеңіз «соңғы 20 жылдағы көзқарасыңыз өзгерді ме?» деген сауалға «Жоқ!» деп жауап берген. Ал сіз ше? Қателеспесек, Ресей президенті туралы 2009 жылдан бері сыни пікірде сияқтысыз...

— Мен бұрыннан бері диктатураға қарсымын. Бәлкім, қаныма сіңген ұстаным шығар. Маған бостандығы жоқ ел ұнамайды, мұндай елде еркін өмір сүре алмаймын. Мұндай елде адам ретінде өсіп-дамудың мүмкіндігі жоқ. Бостандығы жоқ елде бір ғана «мүмкіндік» бар. Ол – интеллектуалдық деградацияға ұшырау.
Өз басым, ешқашанда Путинге дауыс берген емеспін. Ар-ұятым жібермеді. Мен әуел бастан-ақ Украинадағы соғысқа қарсы болдым, Ресейдің Қырымды басып алғанын айыптадым.

«Интеллектуалдық деградация», «жайсыз өмір», «өсіп-даму мүмкіндігі жоқ» дей тұра Ресейде тұрып жатырсыз. Елден кетіп қалуға не кедергі? Махаббат? Кәсіп?

– Мен неге өз елімнен кетуім керек? Мен Ресей азаматымын, Ресейді сүйемін. Ресей дегеніміз – тек Путиннен тұрмайды.

РБК арнасында экономикалық бағдарламаларды жүргізесіз. Қалай ойлайсыз, қазіргі диктатура жағдайында Ресей экономикасы еркін дамуы мүмкін бе?

— Жоқ, әрине. Ресейдің тұтас экономикасы мемлекеттік. Иә, диктатура жағдайында керемет дамыған мысалдар бар. Соның бірі – Сингапур.

 Бірақ, мұндай жағдайда көп нәрсе диктаторға, оның таным-түсінігі, ой-көзқарасына байланысты. Бұл да лоторея сияқты. Диктатормен жолың болуы да, болмауы да мүмкін. Сол себепті демократиялық институттар керек, сол себепті де әлемдік экономикалық лидерлер – демократиялық елдер.

Қазіргі саяси жағдайда Ресейдің экономикалық жағдайына баға беру қиын. Анығы, жағдай ауырлай түспесе, жақсармайды.

– Ресейдегі арналардың дерлігі мемлекеттің уысында.  РБК ше, бұл арна қаншалықты тәуелсіз?

— Экономикалық мәселені көтеруге келгенде белгілі бір дәрежеде еркіндік бар. Экономикалық сауал қойғанда маған еркіндік берген. РБК мені саяси комментатор ретінде көргісі келмейді. Бірақ, олар менің аузымды буып қойды деген сөз емес. Әкем үшін әрдайым шындықты айтуға әзірмін.

 

Ұсынылған
YES WE CAN
YES WE CAN 12 қаң. 2017 03:00
ФЕНОМЕН ОБАМЫ
ФЕНОМЕН ОБАМЫ 08 мау. 2015 00:13
Соңғы жаңалықтар