Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: sports.kz

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. (21-1, 13 КО).

Msports мәліметінше, жекпе-жек 9-раундта аяқталды. Жәнібектің сериялық жойқын соққыларынан кейін Андрей ес жия алмады.

Оған дейін де боксшылар шебер жұдырықтасты. Аустралиялық боксшы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалғаны байқалды. 

Жәнібек қорғаныста мығым, шабуылда ширақтық танытты. Мықтылығын мойындатып, шеберлігін тағы бір рет көрсетті.

Осылайша отандасымыз орта салмақта IBF және WBO чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты.