Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімі өтті

Сағыныш Сардарова 08 қаң. 2026 11:56

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылындағы сарайдан сүйектері табылған ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімі өтті. Қаралы жиынға марқұмдардың туыстары, көршілері мен ауыл тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеп.

Жиналғандардың көбі көз жасын тыя алмаған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жерлеу шарасын марқұмдардың жақын туыстары өз қаражатына ұйымдастырған.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында бір отбасы іздестіріліп жатқаны хабарланды. Полицияға арыз 25 желтоқсанда түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар