Жаңбыр, найзағай, тұман: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Көркем Алдабергенова 24 сәу. 2026 07:30

Қазгидромет мамандары 24 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

24 сәуірде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болады. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр болады. Тараз қаласында 24 сәуірде түнде жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove