Бүгінде Жаңаөзендегі халық саны 12 мың адам, аумақ көлемі 113 мың гектарды құрайды. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес Кендірлі ауылына тағы 113 мың гектар жер қосылады.
– Жаңаөзен қаласы тұрғындарының әлеуметтік және жұмыссыздық мәселесін жою, ауылшаруашылығы мен туризмді дамыту мақсатында 2020 жылы Кендірлі ауылы құрылды. Бүгінде ауылдың жер көлемі 2235 гектарды құрайды. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес енді бұл ауылға тағы 113 мың гектар жер қосу жоспарланып, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Схемалық картасы әзірленді. Шекарасын белгілеп жобалау жұмыстары осы жылдың аяғына дейін жүргізіледі, – деді Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров.