Алматы әуежайында суррогат аналардан туған сәби алған шетелдіктер Қазақстаннан кетпек болған жерінде ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Tengrinews.kz деректеріне сәйкес, 11 қарашада Алматы әуежайында Қытайдан келген екі отбасылық жұп суррогат аналардан туған балаларымен ұсталған. Шетелдіктердің балаларға арналған құжаттары болғанымен, дереккөздің хабарлауынша, олар Қазақстаннан шыға алмады.
Алматы полиция департаменті редакцияның ресми сауалына жауап ретінде шетелдіктердің ұсталғанын растады.
"Бұл дерек бойынша Алматы ПД тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігі – "Кәмелетке толмағандарды саудаға салу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің тергеуі жүргізілуде", – деп хабарлады полиция.
