Жаңа салық кодексі бойынша ескі көліктерге қандай салық салынбақ

Көркем Алдабергенова 30 сәу. 2025 15:19 206

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа салық кодексі бойынша көліктерге қандай жеңілдіктер берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Біржановтың сөзінше,жаңа салық кодексіне байланысты автокөліктерге салықты азайту қалды.

"Жаңа норма бойынша егер автокөліктің шыққан мерзімінен 20 жылдан асса, онда 50 пайызға дейінгі жеңілдік қарастырылған. Егер көліктің қолданыста жүргеніне 10 жылдан асса, онда 30 пайыз жеңілдік беріледі. Бұл норма егер сенат мақұлдайтын болса 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді", деді Біржанов.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс Салық кодексінің жобасын екінші оқылымда мақұлдаған болатын. 

Құжат бойынша Мәжіліс отырысында жалғыз ғана депутат – жұмыс тобының жетекшісі Берік Бейсенғалиев сөз сөйледі.

«Қаржы және бюджет комитеті Салық кодексі жобасы мен оған қатысты "Салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдауды мүмкін деп санайды», – деді Бейсенғалиев.

Оның баяндамасынан кейін депутаттар бірден дауыс беруге кірісті. Нәтижесінде:

Салық кодексін қабылдауға 88 депутаттың 76-сы дауыс берді,
8-і қарсы, 4-і қалыс қалды;

Заңнамаға енгізілетін түзетулер бойынша 87 депутаттың 76-сы қолдады,
7-і қарсы, 4-і қалыс қалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар