Жаңа Конституцияға байланысты референдум: 4 миллионнан аса азамат таңдауын жасады

Сағыныш Сардарова 15 нау. 2026 12:15

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 4 677 595 азамат бюллетень алып, референдумда өз таңдауын жасады. Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 37,54 пайызы, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған дерекке сәйкес сағат 12.00-дегі жағдай бойынша:

  • Абай облысы 41,93 %
  • Ақмола облысы 44,66 %
  • Ақтөбе облысы 45,73 %
  • Алматы облысы 40,41 %
  • Атырау облысы 42,29 %
  • Батыс Қазақстан облысы 36,59 %
  • Жамбыл облысы 35,86 %
  • Жетісу облысы 43,32 %
  • Қарағанды облысы 42,95 %
  • Қостанай облысы 37,10 %
  • Қызылорда облысы 43,18 %
  • Маңғыстау облысы 34,57 %
  • Павлодар облысы 36,57 %
  • Солтүстік Қазақстан облысы 41,64 %
  • Түркістан облысы 44,13 %
  • Ұлытау облысы 36,59 %
  • Шығыс Қазақстан облысы 42,88 %
  • Астана қаласы 31,23 %
  • Алматы қаласы 14,85 %
  • Шымкент қаласы 42,59 %.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove