Қазіргі уақытта 2,3 миллионнан аса қазақстандық референдумда таңдауын жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10:00 жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
Абай облысы 17,98 %
Ақмола облысы 19,82 %
Ақтөбе облысы 21,80 %
Алматы облысы 18,10 %
Атырау облысы 19,44 %
Батыс Қазақстан облысы 18,80 %
Жамбыл облысы 18,49 %
Жетісу облысы 21,01 %
Қарағанды облысы 26,64 %
Қостанай облысы 19,24 %
Қызылорда облысы 24,02 %
Маңғыстау облысы 18,53 %
Павлодар облысы 16,36 %
Солтүстік Қазақстан облысы 18,72 %
Түркістан облысы 21,21 %
Ұлытау облысы 20,31 %
Шығыс Қазақстан облысы 20,64 %
Астана қаласы 20,68 %
Алматы қаласы 9,54 %
Шымкент қаласы 21,36 %
Жалпы, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21%-ы.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 12.00 – де.
