“Президенттің тапсырмасын орындамаған адамдар жауапқа тартылуы керек, судың да сұрауы бар”, – дейді диқандар.
Шарулар былтыр өткізген өнімдеріне 15 теңге төлесін деп кәсіпорын басшысына талап қойып отыр. Диқандардың төлемді ала алмай жүргеніне бір жылға жуықтаған.
Әр келіге 15 теңге төленуі керек болған. Кәсіпорын өнімді қабылдағаннан кейін шаруаларға екі айдан кейін ақша түседі деп уәде еткен. Алайда бірнеше ай өтсе де ақша әлі де жоқ.
Қызылша егіп күн көріп отырған диқандар қазір қарызға батқан.
"Жерімізді тегістеп, жыртып қойдық. Алайда егін егілмей қалып кетті. Өйткені ақшамыз жоқ. Не істейміз?" – дейді олар.
Ал зауыт директоры қызметінен кеткен. Салалық басқарма келісіне зауыт төлеуі керек 15 теңгеден бөлек мемлекет қаражатынан 25 теңге тағы төлеген. Кәсіпорын жалпы есепте шаруаларға 6 миллиард теңге қарыз болып, оның 3,8 миллиардын ғана өтеген екен.
“Мамырда қант қымбаттаған кезде төлем береміз деген. Алайда төлеген жоқ. Қанша қант сатылғанын да білмейміз”, – дейді диқандар.