Жамбылда басқарма басшысы пара алды деген ақпарат тарады

Самал Асқар 14 сәу. 2026 18:17

Жамбыл облысында басқарма басшысының пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Dala News.

Желіде жарияланған мәліметтерге сәйкес, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов қызметтік кабинетінде ұсталған.

Тараған ақпаратта оның 4 млн теңге көлемінде пара алғаны айтылған. Сондай-ақ кадрларда арнайы қызмет өкілдері тарапынан ұсталу сәті және ақша қаражаты көрсетілген.

Алайда қазіргі уақытта бұл дерекке қатысты ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.

Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Редакция Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментіне ресми сауал жолдады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove