Freedom Inside '26

Жамбыл облысында "Сергекке" оқ атқан ер адам айыппұл арқалады

Жамбыл облысында "Сергекке" оқ атқан ер адам айыппұл арқалады
gov.kz
Жамбыл облысында "Сергекке" оқ атқан ер адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

М. 2025 жылы желтоқсанда Сарыкемер - Түймекент - Ақшолақ тасжолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, "Сергек" камерасына қасақана зақым келтірген. Соның салдарынан "І." ЖШС-ға материалдық шығын келген.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залал ішінара өтелгенін айтқан. Десе де жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін мәлімдеген.

Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.