Ресейлік инвестор «ЕвроХим» Қазақстанда минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі зауыт салады, - деп хабарлайды Dalanews.
Жамбыл облысында химия кешенін жобалау, салу және пайдалануға беру туралы келісім-шартқа ресейлік «ЕвроХим» және Қытайдың Қытай ұлттық инжинирингтік компаниясы (CNCEC) қол қойды.
«Азық-түлік қауіпсіздігі жердің немесе судың болуымен ғана шектелмейді. Бұл оның негізгі іргетасы, бірақ шын мәнінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тыңайтқыш қажет. Сондықтан біз үшін бұл өте маңызды жоба. Біз оны Еурохиммен және қытайлық серіктестермен бірігіп жүзеге асырамыз. Бұл өте үлкен Еуразиялық кооперацияның ең жақсы мысалы. Өңірлік азық-түлік қауіпсіздігі үшін бұл өте үлкен оқиға», - дід Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келісімшартқа қол қою рәсімінде.
Зауыттың қуаты жылына 1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіптік өнімдерді өңдеу. Кәсіпорында 2,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады және жұмыспен қамтылғандардың кемінде 80%-ы Қазақстан азаматтары болады.
«Қазақстан – Орталық Азия нарығындағы «ЕвроХим» үшін негізгі ел, біз үшін инвестор ретінде аса тартымды. Біз жаңа кешеннің тыңайтқыштары ауыл шаруашылығы саласы мен елдің экспорттық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады деп санаймыз. Меншікті дистрибуция желісі және біздің «Кеніштен фермаға дейін» қағидаты диқандардың жоғары сапалы тыңайтқыштарға қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның және өзге де елдердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға ықпал етеді», - деді «ЕвроХим» тобының президенті Олег Ширяев.
Жалпы, Қазақстандағы ресейлік инвестордың инвестициялық жобасы үш кезеңнен тұрады. Бірінші жобаның аясында жылына 640 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешені салынды. Екінші кезең 2026 жылы пайдалануға берілетін күкірт қышқылы өндірісінің құрылысын, ал үшінші кезең – 2027 жылы іске қосылатын химиялық кешен құруды көздейді. Осылайша, инвестициялардың жалпы көлемі $1 млрд болады.
«ЕвроХим» - Ресейдегі минералды тыңайтқыштар өндірісіндегі ең ірі инвестор. Соңғы бірнеше жылда компания РФ бірқатар жаңа өндірістік қуатты іске қосты, сонымен қатар Ленинград облысындағы Еврохим – Солтүстік-Батыс-2, Ставрополь өлкесінде калий нитратын өндіретін аммиак пен карбамид өндіретін зауыттың құрылысын жүргізуде. 2024 жылдың наурыз айында компания Бразилияда фосфатты тыңайтқыш өндіретін заманауи кешен ашты.
CNCEC – мұнай-химия саласы кәсіпорындарын, оның ішінде Қазақстанда құрылыс салу тәжірибесі мол жетекші өнеркәсіптік инжинирингтік компанияның бірі.