– Жергілікті полиция қызметінің құрылғанына бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде Жергілікті полиция қызметімен бір қатар іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде, 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы тіркелген қылмыстар саны 16 535-тен 15 086-ға яғни 8,8 пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар – 9,9 пайызға, ауырлығы орташа қылмыстар – 5,1 пайызға және онша ауыр емес қылмыстар – 28,1 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар да 6,5 пайызға төмендендеген Жергілікті полиция қызметінің бастығы алға тартты.
Негізі жоғарыдағы көрсеткіштерге кешенді жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу арқасында қол жеткізілген. Атап айтқанда, "Учаске", "Құқықтық тәртіп", "Стоп – кража", "Есепке алу", "Жасөспірім", "Отбасы және мектеп", "Қауіпсіз жол", "Көршілер бақылауы" сынды іс-шаралар қылмыстың алдын алуға көп көмегін тигізген. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар легі жалғасын табатын болады.
Жалпы, профилактикалық жұмыстардың негізгі тетіктерінің бірі әкімшілік іс жүргізу болып табылады. Оның көлемі бүгінгі күні бірнеше есе жоғарылаған. Мысалы, 2015 жылы 154 345 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, 2016 жылы 166 470 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, заңды бұзған азаматтарға 1 миллиард 58 миллион 996 мың теңге айыппұл салынып, оның 416 миллион 259 мың теңгесі өндіріліп алынды. Ал, айыппұл төлемеген азаматтармен күнделікті арнайы жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Бірақ, облысымызда мал ұрлығы фактісі орын алып жатады. Осыған орай Жергілікті полиция қызметі мал ұрлығын алдын алу мақсатында 2016 жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасымен және облысқа қарасты барлық аудан әкімдіктерімен азаматтардың жеке малдарының қолды болып кетуінің алдын алуға байланысты кеңестер өткізген.
Аталған кеңеске ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері, ірі шаруашылық иелері шақырылып, пікірлері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша, 2016-2017 жылдарға арналған мал ұрлығы деректерін алдын алуға арналған концепсия дайындалып, ол облыс әкімімен бекітілген.
Аталған жоспар талабын орындауда Жергілікті полиция қызметі аппаратымен азаматтардың малдарын жүйелі түрде бағуға, азаматтармен, ауылдық округ әкімдерімен және учаскелік полиция инспекторлары тарапынан 3 жақты келісім-шарт жобасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 2016 жылы мал ұрлығы дерегі –12,4%, 808 ден 708 және ағымдағы жылдың 2 айлық қорытындысымен – 28,8%, 163 тен 116 дерекке төмендеген.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі