Алматыда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр

Алматыда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр
видео кадры

Алматыда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, Медеу ауданы Самал шағынауданында орналасқан 4 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырында өрт шыққан.

"Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде пайдаланылмайтын ғимараттың шатыры түтіндеп жатқаны байқалды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті оқшаулау үшін барлық шара қолданылып жатыр", - деді ТЖД өкілі.