Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстап, мал баққызған: Күдікті ұсталды

Ақтоты Жапатова 09 там. 2025 11:13

Жамбыл облысы Талас ауданында екі кәмелетке толмаған баланы құлдықта ұстаған күдікті ұсалды. Полиция ұрып-соғу фактісі бойынша істі тергеп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешовтің хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

"Жамбыл облысы Талас ауданында екі кәмелетке толмаған балаға қатысты жүйелі ұрып-соғу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрі Е. Саденовтің жеке бақылауында. Жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды", - деп жазды Шыңғыс Әлекешов.

Бұл оқиғаға әлеуметтік желіде тараған бейнежазба түрткі болды. Кадрларда жүдеу, денесінде көгерген және жарақат іздері бар балалар бес жылдан бері зорлық көріп келе жатқанын айтады. Олардың сөзінше, телефондарын тартып алып, тәулік бойы қой бақтырған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар