Жамбыл облысында аудан әкімдігі негізсіз 700 млн теңге жұмсамақ болған

Сағыныш Сардарова 31 мам. 2024 09:49 1862

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 млн теңгеден аса бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде заңбұзушылықтарды анықтады.

Жергілікті атқарушы орган растайтын қажет құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығынына 700 млн теңгеден аса қаражатты енгізген.

Мысалы, әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 млн теңге қаражат қарастырған. Алайда шығынның осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған.

Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 млн теңгеден аса бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды.

Заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар