Жалпы декларациялау ісін хайпқа айналдыруға болмайды

Жарбол Кентұлы 15 қар. 2024 20:28 222

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында сөйлеген сөзінде мемлекеттің барлық салаларда ашықтықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда Цифрлы үкімет құру барысында ел азаматтары күнделікті өмірде ашықтыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі. Бірақ кейбір ақпарат құралдары ашықтыққа қатысты айтылған әңгімелерді бұра тартқанын байқадық.  

Соңғы жылдары ел азаматтарының кірістерін декларациялау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылғаны белгілі. Бұл процесс 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізілуде. Алғашқы үш кезеңде бұл талап 4 миллионнан астам адамды қамтыды, атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлерді, квазимемлекеттік сектор басшыларын, кәсіпкерлерді және олардың жұбайларын.

Осы ретте кірістерді жалпы декларациялау тұжырымдамасының 14 жыл бұрын қабылданып, елімізде цифрландыру ісі мен финтех салаларында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Әр түрлі мемлекеттік мекемелердің деректер базасы интеграцияланды. Қаржылық және салықтық бақылау күшейтілді.

Мемлекет басшысы кейбір БАҚ жазғандай жалпы декларациялау жүйесіне ешқашан күмән келтірген емес. Сөз тек төртінші кезең туралы болып отыр.

Біздіңше, Президенттің сөзі айқын, пайымы дұрыс. Декларация тапсырудың төртінші кезеңінде заңды тұлға құрылтайшылары мен олардың жұбайлары азаматтар табысы туралы есеп тапсыруы тиіс еді. Бірақ бұл топтағы азаматтардың декларациялауға жататын қаражаты көп емес.

Декларациялау жүйесінің алғашқы үш кезеңіне енген азаматтар келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін 270-нысан бойынша декларация тапсыруды жалғастырады. Қазіргі мәселе тек төртінші кезеңге қатысты. Оның өзін ешкім әлі тоқтатпаған, тек бұл кезеңнің шынымен қажет екендігі туралы сұрақ қойылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар