Жалған диплом жасап сататын 20 сайт әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазірге дейін 46 жалған диплом мен оларды заңсыз рәсімдеумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Тиісті материалдардың барлығы құзырлы органдарға жіберілді, деп хабарлады Ғылым министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, 1991 жылдан бері берілген дипломдарды қамтитын деректер базасы жасақталған. Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмір мен QR-код беру арқылы тіркеледі.
«Егер білім алушы туралы мәлімет «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында» тіркелмесе, оған диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес. Белгіленген үлгідегі құжатта генерацияланған бірегей нөмір мен QR-код болмаса, ондай диплом жарамсыз деп есептеледі», – делінген министрлік хабарламасында.
