Жағдайы төмен жас әйелдерді тартқан: Алматыда сәби саудалағандар әшкере болды

Сағыныш Сардарова 12 жел. 2025 11:23

Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ мәліметінше, ұйымдастырушылар қиын жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген.

"Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді полиция.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда адам саудасының 39 дерегі анықталғаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар