Жағаұстатар жайт: Атыраудағы білім беру орталығының бірінде мұғалім оқушыны теуіп жіберген (видео)

Қаракөз Амантай 20 қаң. 2025 12:08 1378

Оқиға Атыраудағы білім беру орталықтарының бірінде болған. Жағаұстатар жайт аталған білім ордасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбада оқушының кенеттен тиген соққыдан селк еткенін байқауға болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Баланы тепкен әйел оның орнына отыруын талап етеді. Ал оқушы баяу жүріп, өз партасына оралады.

Бұл жағдайға қатысты Атырау облысының әкімдігі мен полиция департаменті ZTB телеграм арнасы түсініктеме берді.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мұғалім оқиға анықталғаннан кейін бірден жұмыстан шығарылған.

Ал полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталған. Алайда тергеу мүддесіне байланысты әзірге толық ақпарат берілмеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар