Қазақстандық автонарықтағы жетекші брендтердің бірі JAC Motors автокөлік бағасын айтарлықтай төмендетті. Енді қазақстандықтар JAC маркасын бұрынғыдан да тиімді бағамен сатып ала алады. Автокөліктің ең төменгі бағасы – 7 490 000 теңгеден басталады, ал сатып алушылар үшін ең үлкен жеңілдік көлемі 2,6 млн теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
JAC компаниясы Қазақстанда өз модельдік қатарын жүйелі түрде дамытып келеді. Брендтің көліктері заманауи дизайнды, технологиялық жабдықталуды және сенімділікті үйлестіреді. Бағаның төмендеуі арқылы компания көліктерін кең аудиторияға қолжетімді ете отырып, сапа мен тиімділіктің теңгерімін сақтап отыр.
Жаңа прайс-листке сәйкес жеңілдіктер барлық модельге қарастырылған:
- JAC J7 – ең танымал лифтбек. Бағасы 8 890 000 теңгеден басталады, үнем – 800 мың теңге. Ал жетілдірілген J7 Plus нұсқасы 9 590 000 теңгеден қолжетімді (бағасы 1,1 млн теңгеге төмендетілді).
- JS4 кроссовері – 7 990 000 теңгеден, жеңілдік – 900 мың теңгеге дейін. Орташа көлемді JS6 ең тиімді бағада ұсынылады – 8 890 000 теңге, үнемдеу көлемі рекордтық 2,6 млн теңге.
- Кең отбасыларға арналған 7 орынды JS8 – 11 590 000 теңгеден бастап, жеңілдік 1,5 млн теңгеге дейін. Ал JS5 моделі 8 590 000 теңгеден сатылуда, бағасы 2,1 млн теңгеге төмендеді.
- Электромобильді таңдаушылар үшін EJ-7 қолжетімді. Бағасы 12 290 000 теңгеден басталады, үнемдеу – 700 мың теңге.
- Ең қолжетімді үлгі – шағын кроссовер S3 Pro. Оның бағасы бар болғаны 7 490 000 теңге. Бұл модель сенімділігімен де танымал: ол 1 млн шақырымнан астам жолды ешқандай күрделі жөндеусіз еңсерген.
Сонымен қатар сатылымға JAC компаниясының жаңа логотипі бар үлгілері – J7, J7 Plus және JS8 шықты. Бұл брендтің жаңартылған фирмалық стилін бейнелейді.
Жаңа ұсыныс автонесие рәсімдеген жағдайда да қолданылады. Яғни қазақстандықтар көлікті 2,6 млн теңгеге дейін арзан бағамен сатып ала алады.
"Біздің мақсатымыз – JAC көліктерін Қазақстандағы тұтынушылар үшін барынша қолжетімді әрі тартымды ету. Жаңартылған баға саясаты клиенттерге кең модельдік қатардан таңдау жасауға мүмкіндік береді, әрі олар жайлылықтан, қауіпсіздіктен және технологиядан ұтылмайды", – дейді JAC Motors Qazaqstan дистрибуция бөлімінің сату жөніндегі жетекшісі Шамұхажы Данияр.
Жаңартылған бағалар тізімі JAC Motors Qazaqstan-ның ресми сайтында қолжетімді.
JAC туралы
JAC Motors – 60 жылдық тарихы бар қытайлық автоконцерн. Компания жылына 1 млн-нан астам көлік шығарады, ғылыми-зерттеу орталықтары Қытайда, Италияда және Жапонияда орналасқан. Бренд өнімдері 120 елге экспортталады, ал модельдік қатарында жеңіл көліктен бастап электробусқа дейінгі толық спектр бар.
Қазақстан нарығына JAC 2015 жылы шықты. Бүгінде бренд «Allur» компаниялар тобының құрамында, отандық зауытта толық циклді өндіріс жолға қойылған. Бұл – еліміздегі барлық автокөлік түрін шығаратын жалғыз кәсіпорын.