Іздеуде болған Капенов Бішкекте табылғаны айтылды

Самал Асқар 27 сәу. 2026 20:04

Іздеуде болған Азамат Капеновтың Бішкекте жүргені және Қырғызстан паспорты бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Dala News.

Мәліметке сәйкес, Капенов редакциямен байланысқа шығып, Қырғызстан азаматының төлқұжатын көрсеткен. Ол «ҚазТемірТранс» компаниясының бұрынғы вице-президенті болған және 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген.

Өзі болса, соңғы жеті жылда Қазақстанда болмағанын мәлімдеген.

Сондай-ақ Капенов БАӘ-ден экстрадициядан қауіптеніп, шұғыл кеткенін айтқан. Қазіргі уақытта ол шетелде жүргенін жеткізді.

Осы уақытта Астана соты оның «Достық» станциясындағы логистикалық хабын мемлекет кірісіне тәркілеген.

Ол өз ісіне «ықпалды адамдардың» қатысы болуы мүмкін екенін меңзеп, кейінірек барлық мән-жайды ашып айтатынын мәлімдеген.

Қаржылық мониторинг агенттігінде Капеновтың өз компанияларына заңсыз артықшылықтар бергені бойынша тергеу жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove