Қазақстанға тиесілі Ыстықкөлдегі демалыс және спорттық нысандарды жаңғыртуға 13 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, Almara Petroleum «Олимп» базасына 3,7 млрд теңге инвестиция салмақ, ал «Самал» демалыс үйіне 10 млрд теңге бағытталады. «Университет» лагері бойынша инвестор әлі анықталмаған, жобаның құны шамамен 13 млрд теңге.
Еске салсақ, бұған дейін Сенат Ыстықкөлдегі төрт нысанға қатысты келісімді ратификациялап, олар Қазақстан меншігі ретінде бекітілген. Жер телімдері 49 жылға жалға берілген.д
